Алматы облысында болған алапат өрт сөндірілді

None
None
АСТАНА - ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы 16 пәтерлі тұрғын үйде болған өрт 13.30-да толығымен сөндірілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

Өкілдің берген ақпаратына қарағанда өрттің себептерін өрт сынақ зертханасының мамандары анықтайды.

Бұрын хабарланғанындай, бүгін таңғы 8-де облыс орталығынан 120 километрдегі Жансүгіров ауылында тұрғын үй өртенген. Өрт сөндірушілер келген тұста үйдің шатырындағы өрт екінші қабатқа өткен. 32 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, тілсіз жау шатырдың 440 шаршы метр аумағын, пәтерлердің 347 шаршы метр аумағын шарпыған.

Соңғы жаңалықтар