Алматы облысында биыл жол апатынан 300-ден аса адам мерт болған

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Биыл Алматы облысында жол-көлік апатынан  300-ден аса адам ажал құшқан. Оның 94-і қозғалыс жылдамдығын асыру салдарынан көз жұмған, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сондай-ақ,  130 жаяу жүргіншіні көлік қағып мерт болған. Полицейлер   77 жаяу жүргінші жол жүру ережесін сақтамай, көліктің астына түскендерін айтады.  Ал 18 қараша күні бүкіл әлем бойынша көлік апатынан құрбан болғандарды еске алу күні. Осыған орай Алматы облысында көлік апатынан құрбан болған жандардың бейнесі қағаздан жасалып, адамдар көп жүретін жерлерге қойылды. Мәселен, ондай бейнелер мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына қойылды. Ал қағаз бейнелерде көлік апатынан қайтыс болған адамның жасы, неден қайтыс болғаны, аты барлығы жазылған.

null  

«Бұл жердің таңдап алынғаны бекер емес. Себебі, көлік жүргізушілері  бұл жерге көптеп келеді. Бейнелер қаланың өзге жерлеріне де қойылады.

 Өткізіліп жатқан шараның мақсаты жүргізуші болсын, жаяу жүргінші болсын, олардың жолдағы  қауіпсіздігі мен өзінің тәртібін ойға салу», - деді Алматы облыстық Полиция департаменті жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Айжан  Әлібайқызы.   

Ал Талдықорған қаласының тұрғыны, 10 жылдан бері көлік жүргізіп келе жатқан  Руслан Орынбеков қағаз бейнелер оған ой салғанын жеткізді.

«Ақ маникендерден аттарын оқыдым. Жастарын көрдім. Соларға қарап ойландым. Не үшін орнатылғанын түсіндім. Ой салатын дүние екен», - деді ол.

null  

Соңғы жаңалықтар