USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Алматы облысында бірнеше көлік апаты болды, көз жұмғандар бар

2021 жылғы 28 қараша 13:29
Бөлісіңіз:
Алматы облысында бірнеше көлік апаты болды, көз жұмғандар бар

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында 27 қараша күні бірнеше көлік апаты болып, екі адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыдағы жағдай тұрақталды – полиция департаменті Зардап шеккендердің қарызын кейінге қалдырудың 2 нұсқасы ұсынылады – агенттік Алматыда биыл 50 мың жаңа жұмыс орны ашылады

Көлік апатының видеосын желіге куәгерлер жариялады.


«Құлжа тас жолында адамды қағып кетті. Абай болыңыздар. Адам қаққан көліктің осындай болуы үшін ол қандай жылдамдықпен жүрді екен»-, дейді видеоға түсіріп тұрған автор.
Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған оқиғаға қатысты пікір білдірді.
«Бұл факті 27 қараша күні түнгі сағат 23:00 шамасында Талғар ауданында болған. Алдын ала болжам бойынша, Киа-Рио көлігінің 21жастағы жүргізушісі «Алматы-Көкпек-Көктал» тас жолында рөлге ие бола алмай, жаяу жүргіншіні қағып кетті. 52 жастағы адам оқиға орнында мерт болды» - делінген ведомствоның хабарламасында.
Қазір ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес іс қозғалып, сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Сонымен қатар 27 қараша күні Алматы облысында үш көлік соқтығысып, 13 жастағы бала мерт болды. Оқиға «Алматы-Көкпек-Көктал» тас жолында болған.

Алдын ала болжам бойынша, Kia Sportage көлігі батыс бағытпен келе жатып, бұрылыста бұрылғалы тұрған Volkswagen Golf көлігіне соғылған. Соққының салдарынан Volkswagen Golf қарсы бағытқа шығып кетіп,Toyota Ipsum көлігіне соғылған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT