Алматы облысында бірқатар мектептер жергілікті зауыттан шыққан биоотынмен жылытылуда

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Кербұлақ ауданының Көксу ауылында сабаннан отын гранулаларын әзірлейтін шағын зауыт ашылды. Аудандағы 51 мектептің 12-сі биоотынға көшіп үлгерген.

Зауытты іске қосқан кәсіпкер Серік Абыханов ауданның барлық әлеуметтік нысандары экологиялық таза отынға ауысуы үшін жұмыс істеуге дайын екенін айтты. Оған қоса, шаруаның айтуынша, экологиялық таза отынға деген сұраныс күннен-күнге артуда.

«Мұндай отынның бір тоннасы 26 мың теңге тұрады. Егер шығынды көрсетсек, оның екі тоннасы мазуттың бір тоннасының орнын басады. Қыста орта есеппен алғанда, мектепті жылытуға 70 тоннасы жұмсалады», - деп түсіндірді «Абыхан» кәсіпорнының басшысы С.Абыханов. Зауытқа 70 млн. теңгеге сатып алынған жабдықтар Балтық маңы елдерінен әкелінді. Шағын кәсіпорынның қуаттылығы тәулігіне 20 тонна грануланы құрайды. Қазіргі уақытта ауданның 12 мектебінде биоотын жағылатын арнайы пештер орнатылған.

Соңғы жаңалықтар