Алматы облысында бірқатар басқармалар қысқарады

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында мемлекеттік құрылымдарды оңтайландыру жобасы әзірленді. Жоба аясында облыстық басқармалар саны 25-тен 22-ге азаймақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаев облыста басшылар мен орындаушылардың арасында  теңгерімсіздік бар екенін атап өтті. Департамент басшысының айтуынша, оңтайландыру аясында аудандық бөлімдер 301-ден 200-ге дейін қысқармақ. Сондай-ақ, облыс бойынша басшы лауазымдардың саны 1348-ден 947-ге азайып, басшы және орындаушы лауазымдар арасындағы теңгерімсіздік төмендейді. Нәтижесінде орта есеппен бір басшыға 5 орындаушыдан келетін болады. Қазіргі жағдайда облыста бір басшыға 2 маманнан келіп отыр.

Оңтайландыру жұмыстары мемлекеттік қызметшілердің жалақысын өсіруге мүмкіндік береді. Бүгінде облыс бойынша мемлекеттік қызметшілерге жаңа еңбекақы төлеу жүйесі енгізілгеннен кейінгі еңбекақы қоры толық болжанып отыр. Орташа есеппен, жалақы 2,1 есеге артатын болады.

Керекті қаржы жалпы ішкі қаржыландыру көздерінен және мемлекеттік органдардың күрделі шығындарын оңтайландыру және мемлекеттік-жекеменшік әріптестік механизмдерін қолдану арқылы бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру есебінен шығарылады.

Соңғы жаңалықтар