Алматы облысында бір жылдың ішінде 12 аудан әкімі ауысқан

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Былтырғы шілде айынан бері Алматы облысында 12 ауданның әкімі ауысқан.  Бұл туралы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департамент басшысы Серікбай Нұрғисаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Департамент басшысының сөзіне қарағанда, былтырдан бүгінге дейін облыстағы 12 аудан және қала әкімі мен, 11 басқарма басшылары ауысты.

«Басшылық қызметке жас, білімді кадрлар келіп жатқаны қуантады. Алайда, олар да өз кезегінде командалық ауыс-түйістің барлық түрін болдырмай, меритократия мен кадрлардың таза ауысуы қағидаттарын сақтаулары керек», - дейді Серікбай Нұрғисаев.

Сонымен бірге, бірқатар аудандарда кадрлардың тұрақтамауы да байқалған. Атап айтқанда, бұндай мәселе Талдықорған қаласында, Ескелді, Қарасай, Жамбыл аудандарында көрініс берген.

Соңғы жаңалықтар