Алматы облысында бір жарым айдың ішінде полицияның WhatsApp нөміріне 700-ге жуық хабарлама келіп түскен
2015 жылғы 4 тамыз 21:09

Алматы облысында бір жарым айдың ішінде полицияның WhatsApp нөміріне 700-ге жуық хабарлама келіп түскен

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - 15 маусымнан бастап Алматы облыстық ІІБ-нің барлық аудандық және қалалық бөлімшелерінде құқық бұзушылықтар туралы хабарлауға болатын WhatsApp нөмірі пайда болды. Жұмыстың екі айында азаматтардан 689 хабарлама келіп түскен.

«Тіркелген хабарламалардың арасында: алтауы Сот алдындағы тергеудің бірыңғай тізіліміне жіберілді, 353 хаттама толтырылды, 72-сі аумақтылық бойынша жіберілген, 202 хабарлама анықтама сипатында болып, 56-сы бойынша ақпарат расталған жоқ», - деп хабарлайды Алматы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Аталған бағдарламаның белсенді пайдаланушылары - Талдықорған қаласының тұрғындары, ол қолданысқа енгізілген кезден бері 473 хабарлама келіп түскен.

Сондай-ақ хабарламалардың көп бөлігі абаттандыру ережелерін бұзу және жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтамауы бойынша келіп түседі.

Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT