Алматы облысында бір тәулікте 69 адамнан коронавирус анықталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Соңғы тәулікте Алматы облысында 69 адамнан коронавирус анықталды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы аптада өсімнің ең жоғары қарқыны Алакөл, Қарасай, Райымбек, Көксу, Сарқан аудандары мен Қапшағай қаласында байқалады.

Соңғы тәулікте коронавирустың 69 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 60 симптомдық және 9 симптомсыз жағдай.

Облыс өңірлері бөлінісінде КВИ аурушаңдығы: Еңбекшіқазақ-2, Ескелді-1, Жамбыл-8, Іле-3, Қарасай-19, Сарқан-3, Талғар-4, ұйғыр-2, Қапшағай қаласы-12, Талдықорған қаласы 15 жағдай тіркелді.

«12 қаңтардағы жағдай бойынша облыста 58 484 коронавирус жұқтыру жағдайы зертханалық деңгейде расталған. Оның ішінде 43 484 жағдайда симптомдар бар. 100 мың тұрғынға шаққанда коронавирус жұқтыру көрсеткіші – 2662,9 құрады. Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы екі аптаны салыстырғанда 0,02% - дан 0,05% - ға дейін ұлғайды»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Соңғы жаңалықтар