USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Алматы облысында бір отбасының үш мүшесі тұтқындалды

2017 жылғы 29 қыркүйек 11:51
Бөлісіңіз:
Алматы облысында бір отбасының үш мүшесі тұтқындалды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында алаяқтық жасады деген күдікпен бір отбасының үш мүшесі ұсталды. Әкесі, шешесі және баласы қазір тергеліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іс материалына сәйкес, Көксу ауданының ерлі-зайыпты тұрғындары 25 жастағы ұлымен бірге алаяқтық жасады деп айыпталуда. Олар түрлі айла тәсілмен адамдардың сеніміне кіріп, автокөліктер мен малдарын алып, артынша сатып отырған. Осылайша 9 жәбірленушіге келтірген шығын көлемі 6 млн теңгеден асып кеткен. Қазір ұсталған азаматтардың бұдан басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталуда. Егер де зардап шеккендер бар болса, Талдықорған қалалық ІІБ немесе осы номерге хабарласуларыңызды сұрайды. 8 7282 608067, 8 7074134373, 8 707 192 12 13

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT