+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Алматы облысында бір күнде мал ұрлығының 9 дерегі ашылды

2019 жылғы 6 ақпан 18:10
Бөлісіңіз:
Алматы облысында бір күнде мал ұрлығының 9 дерегі ашылды

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысы аумағында жүргізілген «Мал ұрлығы» жедел алдын алу іс-шарасы барысында бір күнде мал ұрлығына қатысты 9 дерек ашылып, қылмысқа қатысы бар күдіктілер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өзгенің малын ұрлау фактілері Ақсу, Жамбыл, Көксу, Панфилов, Жамбыл, Кербұлақ, Ескелді және Балқаш аудандары және Талдықорған қаласында ашылған. Мәселен, Ақсу ауданының екі тұрғыны жайылымдағы жылқыларын жоғалтып, өздері таба алмаған. Іздеу жұмыстары нәтиже бермегендіктен олар малдарының жоғалғандығы жөнінде полицияға арыз берген.

«Осы қылмыстарды ашуға бағытталған жедел іздестіру шаралары барысында сол күні облыс орталығына жақын орналасқан ауданның бір тұрғыны қылмысқа қатысы болуы мүмкін деген күдікке ілінді. Алдын-ала тергеу барысында күдіктінің ауданда жасалған мал ұрлығының екі фактісіне қатысы бары дәлелденді»,- деп хабарлайды Ақсу ауданы Полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция майоры Айдар Амангелдиев.

Ведомство өкілдері таратқан ақпаратқа сәйкес, бұл фактілердің барлығы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Анықталған күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Сондай-ақ, ұрланған малды іздеп табу немесе оларды сатып алумен айналысатын тұлғаларды анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде.

«Мал ұрлығы» жедел алдын алу іс-шарасы 4-6 ақпан аралығында өтеді. Іс-шараның негізгі мақсаты - облыстағы мал ұрлығының алдын алуға және оны болдырмауға бағытталған. Жыл басынан бері тәртіп сақшылары өзгенің малын ұрлаудың 54 дерегіне қатысы бар тұлғаларды анықтаған. Оның ішінде қылмыстың ізін суытпай ашумен қатар, бұрын жасалған қылмыстар да ашылып отыр», - деп толықтырды полиция департаментіндегі баспасөз қызметі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT