Алматы облысында бір күнде мал ұрлаған 28 күдікті ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының тәртіп сақшылары «Мал ұрлығы» жедел алдын алу іс-шарасының алғашқы күні мал ұрлығының 18 дерегін әшкерелеп, қылмысқа қатысы бар 28 күдіктіні анықтады. 60 бас мал өз иелеріне қайтарылды. Оның ішінде 45 қой, 14 сиыр және жылқы бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, Қапшағай қаласының полициясына жергілікті шаруа қожалықтардың бірінен 40 қойдың қолды болғаны туралы хабарлама түскен. Тәртіп сақшылары жедел іздестіру шаралары барысында көрші қыстақта мал бағатын 30 жастағы азамат қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінген. Сотқа дейінгі тергеу барысында оның көршісінің 40 қойын жайылымнан ұрлап, оларды Талғар ауданына жеткізгені анықталды. Полицейлер ұрланған 33 бас қойды иесіне қайтарды.
«Зардап шегушіге 1,5 миллион теңге шығын келген. Күдікті азаматтың бұған дейін мал ұрлағаны үшін бас бостандығы шектелгені және ол мерзімнің аяқталмағаны белгілі болды. Қазіргі уақытта ол Қапшағай қаласы полициясының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Оның бұдан өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда»,- деп толықтырды Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.
Биыл Алматы облысында мал ұрлығына қатысы бар деген айып тағылған қылмыстық топтың 59 мүшесі жауапкершілікке тартылған. Олардың 181 мал ұрлығын жасағаны дәлелденген. Зардап шегушілерге 80 миллион теңгеге жуық материалдық шығын өндірілген.
- Көкшетауда карантин кезінде дәмханада төбелескендер ұсталды
- Интернет арқылы көлік алмақ болған петропавлдық ақшасынан айырылды
- ҚДБ биыл «жасыл» энергетика саласындағы жаңа жобаларды қаржыландырады
- Алматының әлеуметтік әл-ауқат басқармасына жаңа басшы келді
-
Кепілдегі автокөлікті арзанға «алып берумен» айналысқан алматылық ұсталды
-
Өткен жылы елімізде қылмыс көлемі 30% қысқарды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам