Алматы облысында бір күнде 432 адамнан коронавирус табылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында бір күнде 432 адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы тәулікте КВИ 432 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 364 симптомдық (84,3%) және 68 симптомсыз (15,7%) жағдай.

14 жасқа дейінгі балалардың ішінде -40, оқушылар арасында 20, студенттер арасында 3, мұғалімдер арасында 8, күш құрылымдарының қызметкерлері арасында 4 жағдай анықталды.

Облыс өңірлері бойынша КВИ аурушаңдығы Алакөлде-54, Балқаш-8, Еңбекшіқазақ-22, Ескелді-6, Жамбыл-36, Іле-26, Қарасай-53, Қаратал-19, Кеген-6, Кербұлақ-31, Көксу-1, Панфилов-27, Сарқан-22, Талғар-26, Ұйғыр-8, Талдықорған-62, Текелі-12, Қапшағайда 13 жағдай тіркелді.

«20 қаңтардағы жағдай бойынша Алматы облысында КВИ зертханалық расталған 60 753 жағдай тіркелген. Оның ішінде 45 780 жағдай - симптоммен. 100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттану көрсеткіші – 2786,0 құрады. Соңғы екі аптаны салыстыру кезінде облыс бойынша КВИ өсу қарқыны 0,1%-дан (05.01-11.01) 0,6% - ға (12.01-19.01) дейін ұлғайды. Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Алакөл-1,5%, Жамбыл-0,8%, Қарасай-1,1%, Кербұлақ-1,5%, Райымбек – 1,3%, Сарқан-1,1%, Талғар-0,7%, Кеген-1,6% аудандарында байқалады»,- делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Соңғы жаңалықтар