+7 (701) 759 90 19
USD 425.85 EUR 499.78
RUB 5.82 CNY 65.87
Jańalyqtar

Алматы облысында бір күнде 15 бала коронавирус жұқтырды

2021 жылғы 13 шілде 12:46
Бөлісіңіз:
Алматы облысында бір күнде 15 бала коронавирус жұқтырды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Соңғы тәулікте Алматы облысында коронавирус 86 адамнан анықталды. КВИ анықталған 86 жағдайдың 15-і - 14 жасқа дейінгі балалар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 411 жағдай тіркелді Фейк: Ауруханаларда вакцинацияланған балаларға арналған төсек-орындар дайындалды Алматы облысындағы мониторингтік топтар 87 млн теңгеге айыппұл салды

«Облыс өңірлері арасында КВИ сырқаттану көрсеткіші Балқаш-2, Еңбекшіқазақ-2, Ескелді-1, Жамбыл – 4, Іле–12, Қарасай-10, Қаратал-7, Панфилов – 7, Талғар–14, Ұйғыр аудандарында – 9, Талдықорған – 16, Текелі қаласында 2 жағдайдан тіркелді. 13 шілдедегі жағдай бойынша 26 918 науқас жазылып шықты. Бір тәулік ішінде 17 пациент стационардан емделіп , 34 адам үйден оқшаулаудан шықты» делінген Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, жалпы облыста індет басталғалы КВИ-дің 28 455 жағдай тіркелген.

«Оның ішінде симптоммен 18 017 жағдай. 100 мың тұрғынға шаққанда КВИ сырқаттанушылық көрсеткіші – 1331,3 құрады. Облыс бойынша КВИ өсу қарқыны соңғы 2 аптада 0,2%-дан (29.06-05.07) 0,3% - ға (06.07-12.07) дейін өсті.

Соңғы аптада ең жоғары өсу қарқыны Балқаш, Ескелді, Іле, Қарасай, Қаратал, Талғар аудандарында байқалады.

Соңғы тәулікте КВИ 86 жағдайы тіркелді, өсу қарқыны – 0,3%, оның ішінде 70 симптомдық және 16 симптомсыз жағдай»,- деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметінен.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT