Алматы облысында бір айға жуық хабар-ошарсыз кеткен отбасы табылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында бір айға жуық уақыт хабар-ошарсыз кеткен жас отбасыны өңір полицейлері іздеп тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ерлі-зайыптылар Көксу ауданындағы ата-анасына қонаққа барып, Семей қаласына қайта шыққан бағытта жоғалып кеткен.

Жас отбасы жаңа жылды ата-анасымен бірге қарсы алуға Көксу ауданына қонаққа келіп, 6 қаңтар қайта жолға шыққан. Байланысқа шықпағаннан кейін ата-анасы Көксу аудандық полиция бөліміне арыз түсіреді. Отбасы 20 күннен астам уақыт республикалық іздеуде болған.

«Жоғалғандардың суреті мен белгілері барлық полиция құрылымдарына таратылды. Нәтижесінде Көксу ауданының полицейлері облыстық департамент қызметкерлері көмегімен ерлі-зайыптыларды Ақсу ауданынан тапқан. Осы уақытқа дейін жастар сол аудандағы қыстақтардың бірінде таныстарының үйінде қонақта болған. Олар жұмысқа орналасып, сонда қалуды жоспарлған»,- деп мәлімдейді Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

23 жастағы азамат мен оның 20 жастағы зайыбы туыстарына аман-есен тапсырылды.


Соңғы жаңалықтар