Алматы облысында бір аптада 60 мас жүргізуші анықталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы аумағында «Қауіпсіз жол» алдын алу апталығы өтті. Шара барысында 60 жүргізушінің көлікті алкогольді ішімдік ішіп жүргізгені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Апталық барысында Алматы облысының жолдарында жолда жүру ережелерін сақтамаған 4000-нан астам әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді. 500-ден астам көлік жүргізуші жылдамдықты асырып, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Жаяу жүргіншіге жол бермеген 200-ге жуық жүргізуші жауапқа тартылды. Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері дәл осындай заңбұзушылықтар қайғылы оқиғаларға апарып соғатынын атап өтті.

Жедел шара аясында жаяу жүргіншілер де жауапқа тартылды. Оларға қатысты 430 әкімшілік хаттама толтырылған.

Айта кету керек, соңғы аптада жаяу жүргіншілердің қатысуымен 4 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 2 адам қаза тапқан.

Соңғы жаңалықтар