Алматы облысында білім беру орталығы ашылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Ақсу ауданының орталығы Жансүгіров ауылында жаңа білім беру орталығы ашылды. «Шебер қолдар» деп аталатын орталық «Нәтижелі жұмыспен қамту, жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында қолға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жеке кәсіпкер Күлзира Толымшахованың қысқа мерзімді курстарында жұмыссыз жүрген азаматтар бір кәсіпті меңгеріп, өз ісін бастауға мүмкіндік алады. Қазіргі таңда орталық төрт тігін машинасымен толыққан. Мұндағы тәлімгерлер мемлекет тарапынан 16 мың теңге көлемінде шәкіртақы алатын болады. Оларға білікті мамандар дәріс беріп, тәжірбиесімен бөлісуде.

Оқу орталығынан білім алып, бір кәсіп иесі атану үшін жұмыспен қамту бөліміне жұмыссыз деп тіркеліп, жолдама алу керек. Күлзира Толымханованың айтуынша, қазіргі таңда 12 адам тігіншілікті меңгеруге ынта білдірген. Алдағы уақытта сұранысқа байланысты халыққа қызмет көрсету саласына қажет аспаз, шаштараз сынды мамандықтарды қосу жоспарланып отыр.

null

Соңғы жаңалықтар