Алматы облысында бес күнде 50-ге жуық пәтер тонаушы ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында «Пәтер» арнайы шарасы жалғасуда. 5 күннің ішінде жетісулық полицейлер 46 пәтер тонаушыны қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алғашқы бес күнде 56 пәтер ұрлығы ашылды. Олардың ішінде 34 қылмыс бұрын жасалғандар санатында. Арнайы шара барысында ұрланған заттарды алып-сату нүктелері тексерілуде», - деп мәлім етті Алматы облыстық Полиция департаментінен.

Атап өтілгендей, ұсталған 46 күдіктінің пәтер ұрлықтарына нақты қатысы бары анықталып отыр.

Соңғы жаңалықтар