Алматы облысында бес көшені су басты - ТЖД

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Кешеден бері Алматы облысында бес көшені су басып, бес үйге су кіріп, 70 аула қызыл судың астында қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің соңғы таратқан мәліметіне сүйенсек, бүгін аулаларды су басу жағдайы Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Талғар, Ақсу аудандары және  Талдықорған қаласында тіркелген. Оқиға орындарында 326 адам және облыстық ТЖД-нен 177 маман жұмыс істеп, табиғат апатымен күресуде. Бұл жұмыстарға 132 техника және 22 мотопомпа жұмылдырылып, 2500 текше метр су сорылған.

Сондай-ақ, ТЖД қызметі, қазіргі жағдайда басқаларға қарағанда қызыл судан көбірек жапа шеккен Жамбыл ауданының Қайназар айылында  және Ұзынағаш елді мекенінде жағдай толық қалпына келіп, тұрақталғанын мәлім етті.

Ал Талғар ауданындағы Тұздыбастау және Қызылту ауылдарында жұмыстар әлі жүріп жатыр. Су басқан 35 ауланың 23-і тазаланған. Бұл жерлерден жалпы 2800 текше метр су шығарылған.

 «Тұрғындардан табиғаттың тосын сыйына түсіністікпен қарауды сұраймыз. Және су басу қаупін алдын алу мақсатында үйлердің аулаларын және арық жүйелерін  тазалап  отыруға шақырамыз», - делінген ТЖД таратқан хабарламасында.

Айта кету керек, қазір Алматы облысының кей жерлеріне  жауын жауып тұр.

Соңғы жаңалықтар