Алматы облысында бес ай бұрын жоғалған жасөспірім табылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында бес ай бұрын жоғалған 16 жастағы қыз табылды. Оның жарты жылдай уақытта туған тәтесінің үйінде жасырынып жатқанын анасына ешбір адам айтпаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Себебі кәмелеттік жасқа толмаған қыз бала анасына хабар бермеуді сұраған Өйткені өз әрекетін 16 жастағы қыз «үйдегі кикілжіңнен шаршадым» деп түсіндірген. Ал Талғар аудандық ІІБ-не қыздың 53 жастағы анасы тамыз айында оның жоғалып кеткені жөнінде арызданған.

Ол Қырғызстаннан анасымен таяуда көшіп келгендіктен жасөспірімді іздеу қиынға соққан. Іздеу жұмыстарының нәтижесінде, 16 жастағы қыз бала Алматыдағы тәтесінің жалдамалы үйінде жасырынғаны анықталды.

«Қазіргі таңда жасөспірім анасымен бірге. Оның бұған дейін де бірнеше рет үйден қашып кеткені белгілі болды. Осы жайтқа байланысты ювеналды полиция қызметкерлері тиісті шара қолдану үшін баланың қашуына не түрткі болғанын анықтап жатыр», деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Тағы бір өзекті жайт, бала Қазақстанға келгелі мектепке бармаған. Қазір қыздың сабақ оқымай жатқандығы жөнінде білім мекемесіндегілерге хабарланды.

Соңғы жаңалықтар