Алматы облысында базар өртенді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысында базар дүңгіршектері өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап. 

Оқыс оқиға Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылындағы «Дарабоз» базарында болған. 

«Өрт туралы хабар 2018 жылдың 17 қазанында сағат 15:40-та келіп түсті. Оны сөндіруге Алматы облысының ТЖД «Өрт сөндіру қызметі және апаттық құтқару жұмыстары» ММ қызметкерлері жұмылдырылды. Тілсіз жау 16:59-да тоқтатылды және 17:40-та толық сөндірілді», - деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов. 

Өрттің жалпы аумағы 168 шарты метрді құрады. Салдарынан сауда павильонының шатыры мен пластикалық дүңгіршектер өртенген. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. 

Соңғы жаңалықтар