USD 431.67 EUR 487.79
RUB 5.77 CNY 67.73
Jańalyqtar

Алматы облысында барымташыларды қызметтік ит ұстады

2015 жылғы 14 қазан 18:07
Бөлісіңіз:
Алматы облысында барымташыларды қызметтік ит ұстады

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Облыстық ІІД-нің кинологиялық орталығында үйретіліп, қызметін Талғар АІІБ-да жүргізіп жүрген Грэй есімді қызметтік-іздеу иті тағы да ерекшеленді.

Ол қылмыстық іздеу тобына мал ұрыларын ұстауға көмектесті. Олар Талғар ауданының Өстемір кентінен 18 бас сиырды ұрлауда күдікті танылған.

Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінен нақтылағандай, шұғыл жұмыстардың барысында талғарлық кәсіпкердің иелігіндегі табынды белгісіз тұлғалар жазғы қашадан ұрлап, 14-16 сағаттың ішінде көрші ауданның аумағына айдап әкеткені белгілі болды. Қылмыскерлер малды айдап әкету кезінде іздерін жасыруға әрекеттенгенімен, қызметтік-іздеу иті оқиға орнынан 50-60 шақырым жерде табылған ұрланған табынның ізіне шыға алды.

«Малды айдап әкеткен екі ер адам ұсталып, қамауға алынды. Барымташылық фактісімен сот алдындағы тергеу амалдары басталды, соның барысында Талғар полицейлері ұсталған ер адамдардың мал ұрлаумен байланысты басқа қылмыстарға қатысын тексермекші», - деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT