Алматы облысында барымташылардан қару мен есірткі табылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында қос барымташының бірнеше қылмысқа қатысы бар екені дәлелденді. Сондай-ақ оларды тінту кезінде үйінен қару мен есірткі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Барымташыларды криминалды полиция басқармасының қызметкерлері жергілікті полицейлермен Ақсу ауданында қолға түсірді. Бірі 1978 жылғы, екіншісі 1983 жылы туған. Екеуі де Қапал ауылының тұрғындары. Күдіктілердің биылдың өзінде 6 жылқы мен 7 ірі қара айдап әкетіп, 6 қылмысқа қатысы бар екені анықталды. Малдың біраз бөлігі иелеріне қайтарылды. Азаматтарды тінту барысында бірінің үйінен екі шолақ мылтық пен оқ-дәрі, 300 грамм гашиш табылды. Ал екіншісінің үйінен марихуана мен гашиш тәркіленді.

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі осы фактіге сәйкес ҚР ҚК 188, 296 және 287 баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар