Алматы облысында балық аулауға кеткен төрт адам із-түзсіз жоғалды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында балық аулауға кеткен төрт адам із-түзсіз жоғалды. Іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаев бұл ақпаратты растады.

«Қазір төрт адамды іздестіру жұмыстары  жүріп жатыр. Жоғалған азаматтар  1985 пен 1990 жылғы. 8 желтоқсан күні  екі адам Іле ауданындағы Сорбұлақ су қоймасына балық аулауға кеткен. 11 күні олардың жоғалғандығы жөнінде ақпарат ТЖД келіп түсті. Ал 24 желтоқсанда тағы екі адам дәл осы су қоймасына балық аулауға кетіп, із-түссіз жоғалды», - деді Азамат Жұртбаев.

Соңғы жаңалықтар