Алматы облысында балабақшаға «жарылғыш зат» қойылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы балабақшалардың бірінде жарылғыш заттың қойылғандығы туралы ақпарат полицейлерді аяғынан тік тұрғызды. 260-тан астам  адам эвакуацияланды, оның 217-сі бала, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің соңғы мәліметіне сүйінсек, Талғар аудандық ІІБ-ге қоңырау шалып, жарылғыш зат жөнінде хабарлаған адам әлі іздестірілуде.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін сағат 13:30-да белгісіз біреу Талғар аудандық ІІБ-ге қоңырау шалып, "Қызыл Қайрат" ауылындағы балабақшалардың біріне жарылғыш зат қойылғандығын айтқан. Ауылда орналасқан 3 балабақшадағы адамдар қауіпсіз жерге көшірілді. Аймақ толықтай қоршауға алынған. Оқиға орнында құзырлы орган қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Олар аталған жағдайға  түсіністікпен қарап, халықтан дүрлікпеуді сұрайды.

Соңғы жаңалықтар