USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Алматы облысында бала емізіп жүрген 264 ана вакцина алды

2021 жылғы 26 қараша 22:47
Бөлісіңіз:
Алматы облысында бала емізіп жүрген 264 ана вакцина алды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында бала емізіп жүрген 264 ана вакцина алды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтөбеде вакцина салдырған оқушылар мектепке бара алады Қарулы Күштерде 23 мыңнан астам адам COVID-19 қарсы қайта вакцина салдырды –ҚР ҚМ Астаналықтардың 72 пайызы коронавирусқа қарсы вакцина алды

Алматы облысында 15 қарашадан бастап 12-18 жас аралығындағы жасөспірімдер, жүкті және бала емізетін әйелдер арасында вакцинация жұмыстары басталды. Облысқа барлығы 46 800 доза Комирнати вакцинасы келіп түсті. Бүгінгі таңда вакцинацияланған тиісті контингент саны 1 980 адам. Оның ішінде 1673 жасөспірім, 43 жүкті әйел және лактация кезеңінде 264 әйел екпе алды.

Естеріңізге сала кетейік, жасөспірімдерді вакцинациялау тек ата-аналарының немесе заңды өкілдердің келісімімен жүзеге асырылады.

Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сәйкес,

Алматы облысы халықты коронавирустық инфекциядан вакцинациялаумен қамту деңгейі бойынша республикада жетекші орында тұр. Бүгінгі күні өңірде вакцинаның алғашқы дозасын алғандар саны 851 429 адамға жетті, бұл 71% - ды құрайды. Толық курстан өткендердің саны – 778 939 азамат немесе иммундауға жататын ересек тұрғындардың 65%-ы.

Қазіргі уақытта облыс тұрғындары вирусқа қарсы препараттар арасында: «Спутник V», «QazVac» және «Sinopharm» вакцинасын таңдай алады. Айта кету керек, Ақсу және Балқаш ауданының тұрғындары короновирустық инфекцияға қарсы 100% егілді.

Өңірде вакцинация жұмыстары алгоритмге сәйкес жүргізілуде.

Облыс бойынша 318 егу пункті ашылды, оның ішінде 76 – жылжымалы, 71 мобильді бригада және 17 жылжымалы медициналық кешен ұйымдастырылған. Облыс бойынша мектеп қабырғасында 338 егу кабинеті жұмыс істейді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT