Валюта бағамдары:
    usd/kzt 425.02 eur/kzt 450.1

    rub/kzt 7.17 cny/kzt 63.75
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Алматы облысында азық-түлік бағасын тұрақтандыруға 5,7 млрд теңге қаржы қарастырылып отыр

2022 жылғы 26 қаңтар 15:10

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында азық-түлік бағасын тұрақтандыруға 5,7 млрд теңге қаржы қарастырылып отыр, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл қаржының 1,1 млрд теңгесі тұрақтандыру қорына тауар сатып алу үшін жұмсалса, қалған қаражат тауарөндірушілерді несиелендіруге бағытталды. Қазіргі таңда өңірде әлеуметтік маңызы бар азықтың 2 айдан 6 айға жетететін қоры жинақталған. Қоймаларда 1330 тонна ұн, күнбағыс майы, қант, күріш пен макарон өнімдері сақтаулы. Қосымша 800 тонна азық-түлік сатып алу жоспарланып отыр. Облыста арнайы құрылған мониторингтік топтар тауарлардың бағасын бақылап, қымбаттап кетпеуін қатаң қадағалауда.

«Кейбір жерлерде өнімдерінің бағасын түсіруге шешім қабылдады. Мысалы нан, сұйық май, жұмыртқа, күріш сияқты тауарларға 5-тен 7 процентке дейін бағалары төмендеді», - деді «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының директоры Бақтияр Сембеков.


Автор:

Самал Қабышева

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар