Алматы облысында азық-түлік бағасын тұрақтандыру үшін 2 млрд теңге бөлінеді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Алматы облысының тұрақтандыру қорына кәсіпкерлік субъектілеріне, сауда кәсіпорындарына (дүкендерге), сондай-ақ өңірдің тауарөндірушілеріне жеңілдетілген заемдар беру үшін 2 млрд теңге көлемінде ақшалай қаражат бөлінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кәсіпкерлерге заемды 2020 жылдың ішінде беру жоспарланып отыр.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы мамандандырылған ұйым ретінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетігін іске асыратын болады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 атауынан 17 түрі немесе 90% Алматы облысының аумағында өндіріледі. Тауарларды сату облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген бөлшек сауда бағаларының шекті мәнінен төмен бағалар немесе баға деңгейінде жүргізіледі.

Жеңілдетілген заемдар Алматы облысының азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссияның шешімімен беріледі. Комиссия жергілікті атқарушы органдар ұсынған кәсіпкерлік субъектілері мен сауда кәсіпорындарының өтінімдерін қарайтын болады. Аталмыш несиеге кәсіпкерлік субъектілері, сауда кәсіпорындары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларды белгіленген баға бойынша сатуды жүзеге асыра бастайды.

Бұл ретте кәсіпкерлік субъектілерінің меншігінде немесе жалға алу құқығында сауда павильондары, тамақ өнімдерін сақтауға арналған қойма инфрақұрылымы, банк кепілдігі болуы керек және Комиссияның басқа да талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Алматы облысының тауар өндірушілері үшін жеңілдетілген қаржыландыру әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын ұстап тұру және өндіру үшін берілетін болады. Бұл шаралар форвардтық келісім шарттар түрі бойынша жүргізіледі.


Соңғы жаңалықтар