Алматы облысында «азаматтық алып беремін» деп елді алдаған 24 жастағы күдікті ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында «азаматтық жасатып беремін» деп елді алдаған 24 жастағы күдікті ұсталды, деді хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Еңбекшіқазақ ауданында болған. Көктөбе ауылының 24 жастағы тұрғыны Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне арызданған.

Ол шағымында 2020 жылдың маусым айы мен тамыз айының аралығында өзінің танысына алданғанын жеткізген.

«Яғни, Қазақстан Республикасының азаматтығын жасатып беремін деп сеніміне кірген азамат оның 200 000 теңгесін қалтаға басқан. Арызданушы алаяқтық жолмен ақшаны алған азаматқа қатысты шара қолдануды сұраған» делінген Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі жариялаған хабарламада.

Жедел-іздестіру шаралары барысында 24 жастағы Есік қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Жауап алу барысында күдікті өз кінәсін толық мойындады.

Қазір аталған дерек негізінде ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар