+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Алматы облысында әйелін өлтіріп, денесін суға лақтырған күдікті ұсталды

2021 жылғы 16 қыркүйек 07:18
Бөлісіңіз:
Алматы облысында әйелін өлтіріп, денесін суға лақтырған күдікті ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының полицейлері әйелін өлтіріп, денесін үлкен Алматы каналына лақтырып жіберген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Аяжан Еділованы зорлап, өлтірген күдіктінің ісі сотқа жетті Алматы облысында сатушы дүкенде жанжал шығарған клиентті өлтірді Кореяда екі қазақстандық төбелесіп, біреуі көз жұмды – СІМ

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 12 қыркүйек күні Еңбекшіқазақ ауданындағы Үлкен Алматы каналынан әйел адамның мүрдесі табылған.

Мәйітті тапқан ер адам бірден полицияға хабар берген.

Жүргізілген тексеру барысында мерт болған әйелдің 37 жастағы Талғар қаласының тұрғыны екені анықталды.

Қылмысқа қатысы бар деген күдікпен әйелдің 48 жастағы күйеуі ұсталды.

«Ұсталған ер адам 6 қыркүйек күні әйелін өлтіріп, қылмысын жасыру үшін Үлкен Алматы каналына жеткізіп, лақырып жібергенін мойындаған. Ал істің ушығуына ерлі-зайыптылар арасындағы жанжал себеп болған»,- делінген ведомствоның хабарламасында.

Күдікті қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT