Алматы облысында әйелін өлтірген адам 15 жылға сотталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында азаматтық некедегі әйелін азаптап өлтірген 1972 жылғы азамат 15 жылға сотталды. Енді Бектұрған Алиев жазасын қауіпсіздік деңгейі барынша жоғары түзеу мекемесінде өтейтін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алиев Бектұрған Тұрғанұлы ҚР ҚК 99 бабы 2 бөлігінің 5 тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылсын. Жәбірленуші тарапқа 4 млн теңге моральдық шығын төлеуге міндеттелсін», деді үкімді оқыған Талдықорған қаласындағы Алматы облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Әділет Бақытов.

Естеріңізге сала кетейік, күйеуінің қолынан қаза тапқан Кәмшат Жұмаханқызының мүрдесін 80 күннен кейін қабірден қазып алып, қайта сараптама жасалған болатын.

Жәбірленушілердің сөзінше, кінәлі тарап қылмыстарын жасыру үшін мәйітхана қызметкерлеріне ақша ұсынып, тіпті қыздарының қайтыс болғандығы жөнінде ата-анасына дер кезінде хабар да бермеген.

«Қызымның мүрдесін мәйітханадан өзіміз тауып алдық. Күйеу баламның айуандық әрекеті жүрегімізге мәңгі жазылмайтын жара болып қалды. Ал ең сұмдығы әкесі анасын қалай соққанын 3 жастағы қызы көрген», деді марқұм болған Кәмшат Жұмаханқызының әкесі.

Соңғы жаңалықтар