Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 379.01 EUR 423.24
RUB 5.90 CNY 54.92
Jańalyqtar

Алматы облысында әйелдерді тонап, зорлаған күдікті ұсталды

2019 жылғы 16 мамыр 14:48 779
Бөлісіңіз:
Алматы облысында әйелдерді тонап, зорлаған күдікті ұсталды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында екі әйелге күш көрсетіп тонап, бірін зорлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
БҚО-да мал ұрлығымен айналысқан ұйымдасқан топ ұсталды Көкшетауда ақша бопсалаумен айналысқан күдікті ұсталды

Қазір ұсталған күдіктінің екі әйелді тонағаны анықталды. Бірінде ол  әйелді тонаса, ал екінші әйелді тонаумен қоса,  зорлаған. Оқиға Іле ауданында сәуір айының аяғы мен мамыр айының басында болған.

«Жас әйел өзін Жапек ауылының маңында зорлап, тонап кеткендігі жөнінде арыз түсірді. Осы арыз бойынша күдікті ұсталды. Тексеру барысында күдікті тағы бір әйелді тонағаны анықталды. Ол әйел де Іле ауданының полицейлеріне арыз түсірген болатын. Екі фактіде де 38 жастағы ер адам әйелдердің ақшасымен, бағалы әшекей заттарын және ұялы телефондарын тартып алған. Қазір іс материалына жәбірленушінің төлем картасы айғақ зат ретінде тіркелді. Төлем картасы күдіктіні тінту барысында табылды», - деп мәлімдеді Алматы  облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Бұған дейін адам зорлап істі болған күдіктінің өзге де қылмыстарға қатысы бар-жоғын полицейлер тексеріп жатыр.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT