Алматы облысында әйел люкке құлап, 2 сағат көмексіз жатқан

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында егде жастағы әйел көшедегі люктің ішіне құлап кетіп, аман қалды. Оқиға Ескелді ауданының Бақтыбай ауылындағы Қонаев көшесінің бойында болған. Ал әкімдік люктің қақпағын ұрылар қолды еткенін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жергілікті тұрғындар  шұңқырдың ішінде 2 сағаттан астам уақыт қалып қойған әйел адамды өздері шығарып алған. Артынша дәрігерлер келіп, зардап шегушінің денсаулығын тексерген.

«Азаматша ауруханаға жатқызылмады. Аяқ-қолы ғана  сәл сырылған. Бүгін Бақтыбай ауылының әкімдік өкілдері ол кісінің үйіне барып, жағдайын білмек болып еді азаматша үйінде болмай шықты. Қазір люктің беті жабылды», - деді Ескелді аудандық әкімдіктің баспасөз хатшысы Шоқан Асылханов.

Соңғы жаңалықтар