Алматы облысында әйел көксерке балығының 5 тоннасымен ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының аумағында жүргізілген екі рейдтік шаралары кезінде салмағы тоғыз тоннаға жуық балықты тиісті құжаттарсыз заңсыз тасымалдау және аулау фактілері анықталды.

«Қаратал ауданындағы Байшегір-Үштөбе күре жолының 20-шы шақырымында кәсіпкер әйел 5 тонна көксеркемен ұсталды. Бұған дейін ол екі рет әкімшілік жазаға тартылған, алайда бұл жағдай оны тоқтатқан жоқ. Сот өкімімен әйел балықты тәркілеумен бірге үшінші рет әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Аталған бұзушылықтарды көбіне табыс тапқысы келген жеке тұлғалар жасайтынын атап өту керек, бұл ретте жоғарыда аталған өнімнің сатылуына кәсіпкерлер септігін тигізіп отыр», - деп хабарлады Алматы облыстық мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасының прокуроры Жанат Қалиев.

Мамандандырылған әкімшілік соттың қаулыларымен балықты заңсыз сатып алу және тасымалдау фактілері бойынша кінәлі тұлғалар балықты тәркілеумен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Соңғы жаңалықтар