Алматы облысында әйел 2 жасар баласын өлтіріп, мәйітін мұздатқышта сақтаған

ҮШТӨБЕ. ҚазАқпарат - Алматы облысында екі жасар бүлдіршіннің өлімі ашылды. Бұл жайлы Polisia.kz порталына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.
5 қазан сағат 16:00 шамасында Қаратал АПБ кезекші бөліміне Үштөбе қаласындағы жеке үйлердің бірінен екі жасар баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті.
Аталған дерек ҚР ҚК 99-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді.
Полицияға баланың туған тəтесі хабарласқан. Оның айтуынша, ол шілде айынан бері жиенін көрмеген. Сіңлісі әпкесіне баланы Талдықорған қаласында жалдамалы тәрбиешіге бергенін айтып, үйіне кіргізбеген.
Іштей күдіктенген əйел, оның жоқтығын пайдаланып терезе арқылы үйге кіріп, мұздатқыштан баланың мәйітін тапқан.
Полицейлер жедел түрде күдіктіні іздестіру шараларын жүргізіп, бірнеше сағат ішінде 27 жастағы Үштөбе қаласының тұрғынын ұстады. Күдікті ұлын өлтіргенін мойындаған.
Әйелдің айтуынша, ол баланың әкесімен ажырасқан, əкесі өзге елде тұрады. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.
- ШҚО-да бір түнде 26 адам қар құрсауынан құтқарылды
- Ақмола облысында Түркия азаматы көлігімен локомотивке соғылды
- Британияда жүк көлігінде тұншығып өлген 39 мигранттың қазасына кінәлі 4 адам сотталды
- Петропавлда 3 жасар қызын өлімші етіп сабаған 22 жастағы келіншек қамауға алынды
-
Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы бірқатар жол жабылды
-
25 млн теңгені жымқырған Шымкент балалар ауруханасының бас дәрігері мен есепшісі сотталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам