Алматы облысында аяздың салдарынан бірнеше елді мекен сусыз қалды

None
None
 ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысының Талғар және Қарасай ауданындағы бірнеше елді мекен ауыз сусыз қалды. 50 мыңнан астам тұрғыны бар Талғар қаласының 30 процентке жуық халқы қазір тіршілік нәрінсіз отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкелдің айтуынша, судың тапшылығына қатты аяз себеп болған. Ауыз су тау өзендерінен алынады. Ал өзендерге мұз қатып, су алу жұмысы қиындаған.

«Қазір Қарасай ауданына қарасты Жаңатұрмыс және Қырғауылды ауылының бірнеше көшелері сусыз отыр. Бірақ шамамен бір сағаттың көлемінде мәселе шешіледі. Ал Талғар қаласындағы халықтың 70-80% су бар. Бірақ судың қысымы өте төмен. Бұл жерде шаруашылық жүргізу құқығындағы «Су құбыры» МКК-ң екі бригадасы жұмыс істеп жатыр», деді Ғ.Жүкел.

Сақылдаған аяз осылайша мамандарды әбігерге салып жатыр. Ал сусыз отырған халыққа тіршілік нәрі арнайы көлікпен жеткізілуде.

Соңғы жаңалықтар