Алматы облысында автобус аударылып, бірнеше адам ауруханаға түсті

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы облысының Өтенай кентінде автобус аударылып, бірнеше адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін таңертең болған. Бұр туралы жергілікті әлеуметтік желіде видео тарады.

Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның болғанын растады.

Департаменттің баспасөз қызметі ұсынған алдын ала мәлімет бойынша, оқиға Хван және Сләмов көшелерінің қиылысында болған. Mazda Cronos көлігінің жүргізушісі қосалқы жолдан негізгі жолға шығар кезде жол белгісін елемей, салдарынан автобусқа соғылған.

«Оқиға салдарынан Isuzu автобусының 47 жастағы жүргізушісі мен үш жолаушы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккен жолаушылардың екеуі әйел адам. Оқиғаның мән-жайын Талдықорға қалалық полициясының мамандары анықтап жатыр», -деп жазылған департаменттің дерегінде.

Бұған дейін Алматы облысында жүк көлігі шатқалға түсіп, бір адам мерт болғанын жазған едік.



Соңғы жаңалықтар