Алматы облысында автобус апатынан бір адам мерт болып, 11 жолаушы ауруханаға түсті

Фото: None
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - Алматы облысында автобус жол апатына ұшырап, бір адам мерт болды, тағы 11 адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық полиция департаменті көлік апатын растады. Van Hool жолаушылар автобусы камазбен соқтығысқан.

Оқиға маусымның 21-не қараған түні Жамбыл ауданының Жаңақұрылыс ауылында болған.

Автобусты 43 жастағы Түркістан облысының жүргізушісі тізгіндеген.

Ол Алматы-Бішкек тас жолының 55-ші шақырымында рөлге ие бола алмай, бір бағытта келе жатқан жүк көлігіне соғылған.

«Оқиға орнында 36 жастағы автобустың екінші жүргізушісі мерт болды, тағы 11 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Қазір аталған жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс тергеліп жатыр»,-делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Соңғы жаңалықтар