Алматы облысында ауыр жүк көліктеріне 30 млн теңге айыппұл салынды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері Алматы облысының күре жолдарында 3 жарым мыңнан аса автокөлік тексерілген.  Нәтижесінде 771 хаттама толтырылған. Жүкті шамадан тыс тиеп,  жолдың бүлінуіне жол бергендерге 30 млн теңгеден аса айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Бұл көрсеткіш алда еселеп артуы мүмкін. Қазір өңірде "Ауыр салмақты автокөлік" атты акция өтіп жатыр. Шара жаздың соңғы күніне дейін жалғасады. Өйткені мемлекет салған жолдар ауыр жүк тиеген көліктердің кесірінен осы мезгілде тез бүлінеді екен. Көлік инспекциясы заңбұзушылықтарды жылжымалы тексеру бекеті арқылы анықтап жатыр.

null «Алматы облысында Қытайдан шығатын 15 мыңға жуық автокөлік тіркелген. Олар басқа да мемлекеттерге сапарлайды, рұқсаттары бар. Енді біз олардың  жаңадан салынған жолдарды бұзып тастамауын қадағалаймыз», -, дейді Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының бөлім басшысы Азамат Тоқтақынов.

nullЖүргізушілердің артық жүк алып келе жатқаны таразыға өлшеу барысында анықталады. Алматы облысында осы бағытта қызмет атқаратын  жылжымалы бекеттің екеуі бар. Бірі Талдықорған өңірінде жұмыс істейді.

«Ауырсалмақты автокөліктердің көбі кешкі сағат 8-ден кейін жүре бастайды. Құқықбұзушылықтар сол уақытта анықталады. Төлқұжаттарына 36-37 тонна деп жаздырып алады да, жүк тиейтін салмағымыз солай дейді. Негізі ол жерде үш ойыстық болғандықтан, тек 25 тонна ғана рұқсат етілген»,- деді  Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының бас маманы Айдар Нұрымқожин. 

Соңғы жаңалықтар