Алматы облысында ауылға жарылғыш зат қойылды деген азамат ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Талғар ауданында жарылғыш зат қойылды деп хабарлаған азамат ұсталды. Күдікті 26 мамыр күні полицияға қоңырау шалып, Жалғамыс ауылы маңындағы су сорғыш стансасына мина қойылғанын айтқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айтылған орынды полиция қызметкерлері қоршауға алып, жарылғыш затты залалсыздандыратын мамандар иісшіл иттермен тексеруге кіріскен. Нысан аумағында ешқандай жарылғыш зат табылмаған. Жедел іздестіру жұмыстары басталып, санаулы сағатта қоңырау шалған 42 жастағы ер азамат ұсталды. Қазіргі таңда терроризм актісі туралы жалған хабарлама беру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары Талғар аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне тапсырылды. Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамауға алынған.

Соңғы жаңалықтар