Алматы облысында ауылды су басты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысының Панфилов ауданындағы Пенжім ауылын су басты. Оқиға орнында 100-ден аса маман мен 20-дан аса техника жұмыс істеуде, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«3 маусым күні сағат 21:00-де Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне Пенжім ауылындағы бірнеше көше мен ауланы су басқандығы жөнінде хабарлама түсті. Таулы аймақта жауған нөсерлі жауын салдарынан бүйірлі ағынның қалыптасуы тіркелді. Оқиға орында 100-ден аса адам мен 20-дан астам техника жұмыс істейде. 23 сағат 30 минутта судың ағуы тоқтады. Оқиға орнында қаза болғандар жоқ. Жағдай бақылауда. Арнайы жедел штаб құрылып, жұмыс істеп жатыр», - делінген Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментіндегі баспасөз қызметінің таратқан мәлімдемесінде.

Естеріңізге сала кетейік, 31 мамыр күні облыстық ТЖД БАҚ және смс хабарлама арқылы Алматы облысы аумағында маусымның 2-сі, 3-ші күндері нөсерлі жауын-шашын салдарынан таулы аймақтарда судың бүйірлі ағыны мен өзендерде су деңгейінің көтерілуі мүмкін екендігі туралы хабарлаған болатын.

Соңғы жаңалықтар