Алматы облысында ауылдасын қағып өлтіріп, қашып кеткен жігіт ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Панфилов ауданында жергілікті тұрғындары жас жігіттің денесін тауып алды. Алдын ала болжам бойынша, ол жол апатынан мерт болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Марқұм Ынтымақ ауылының 25 жастағы тұрғыны болып шықты.

Оқиға орнында жұмыс жүргізген криминалистер ақ түсті машинаның пластмасса бөлшектерін тапты. Күдіктіні іздеу шаралары бір тәулікте нәтижесін берді. Панфилов ауданының полицейлері көліктің маркасын анықтап, оның иесін қолға түсірді.

«Жаяу жүргіншіні қағып өлтірді деген күдікпен марқұмның ауылдасы, 23 жастағы тұрғын ұсталды. Оның «Toyota Camry» көлігінің кузовынан жол апатына тән механикалық зақым анықталған. Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдіктіге ҚР ҚК 345 және 347 баптары бойынша айып тағылды», - деп хабарлады Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар