Алматы облысында ауылдағы 18 отбасы үйлі болды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат – Алматы облысында Кербұлақ ауданының орталығы Сарыөзек ауылында 1 желтоқсан - ҚР Тұңғыш Президенті күнінде 18 отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сарыөзек ауылында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған үйлер баспана кезегінде тұрған 18 отбасыға берілді.

Қоныс тойын тойлағандар қатарында көпбалалы аналар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, ауыр науқасқа шалдыққан немесе мүгедек бала тәрбиелеп отырған жанұялар, толық емес отбасылар және тағы басқа санаттағы тұрғындар бар.

Естеріңізге салсақ, Кербұлақ ауданында бұған дейін «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында аз қамтылған 20 отбасыға баспана сатып алынып берілген болатын.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Алматы облысының Көксу, Алакөл аудандарында да пәтер кілттері тапсырылған болатын.

Соңғы жаңалықтар