+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Алматы облысында ауыл тұрғыны үйінің ішінде марихуана өсіріп келген

2020 жылғы 25 ақпан 07:33
Бөлісіңіз:
Алматы облысында ауыл тұрғыны үйінің ішінде марихуана өсіріп келген

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының полицейлері есірткі зертханасын ауыздықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz ресурсына сілтеме жасап.

Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел ақпарат бойынша Іле ауданының А. есімді тұрғыны есірткі затын шығарып, таратумен айналысқанын анықтады. Жедел-іздестіру кезінде сараптама актілерімен белгіленген «марихуана» есірткі заты бар 8 сіріңке қорабы тәркіленді.

Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде Қылмыстық кодекстің 297-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелген.

«Санкцияланған тінту кезінде Іле ауданының 47 жастағы азаматының үйінің екінші қабатынан «марихуана» өсіріп, дайындап, тарататын зертхана табылды. Үйдің екінші қабаты микроклимат құру мақсатында күн батареяларының көмегімен қосымша жылытылған. Тінту барысында салмағы 26 кг жуық 47 бұта, 295 орама және салмағы 8,5 килограмм дайын екі қап «марихуана» табылды және тәркіленді. Есірткі өсіру, аса ірі мөлшерде дайындау және сақтау дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 300-бабының 1-бөлігі, 296-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Кінәсін мойындаған күдікті уақытша қамаққа алынды», – деп хабарлайды Алматы облысы ПД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы Қазбек Мұхамедов.





Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT