Алматы облысында ауыл тұрғындарының энергияға төлеген ақшасын алып өз қажетіне жаратып келген адам ұсталды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы облысында энергиямен қамтамасыз ету мекемесінің қызметкері төрт жыл бойы ауыл тұрғындарының ақшасын жымқырып келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол 2019 жылдан 2022 жылға дейін, өкілеттігі болмаса да, Алматы облысының Қараой, Қуат және Өтеген батыр ауылдарының тұрғындарына жалған түбіртектер беру арқылы, энергия тұтынғаны үшін төлем алып, түскен ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған.

Өзінің қылмыстық әрекетін жасыру үшін ол деректер базасына әріптестерінің логиндері мен парольдерін пайдалана отырып, жалған мәліметтер енгізген.

Сотқа дейінгі тергеу барысында ҚМА Алматы облысы бойынша департаменті аталған ауылдардың 150-ден астам тұрғынын электр энергиясынан ажыратуға жол бермеуге сондай-ақ 16 млн теңгеге жуық сомадағы залалды өтеуге шара қолданды.

Сот «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС жеке тұлғалармен жұмыс жөніндегі инженерін алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, 5-жылға бас бостандығынан айырды.


Соңғы жаңалықтар