Алматы облысында «Ауыл» партиясынан сайланған депутат 4 отбасына баспана сыйлады

Фото: None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында «Ауыл» партиясының депутаты төрт отбасына баспана сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауыл» партиясы Панфилов аудандық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Олжас Жапарқұл төрт жанұяға баспана кілтін тапсырды.

«Ернар» шаруа қожалығына жетекшілік ететін кәсіпкер бұған дейін 6 отбасына үй әперген болатын. Бұл отбасылардың барлығы - аталған қожалықтың жұмысшылары.

5 бөлмелі бір үй 114 шаршы метр аумықты алып жатыр. Іші толық жабдықталып, жер телімдерімен қос берілген.

Келісімшартпен жұмыс істейтін қожалық қызметкерлеріне қосымша жалақы да төленеді.

«Біздің «Ауыл» партиясы ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 30 игі іс бастады. Сол шара біздің ауданнан басталғанына қуаныштымын. Бұл отбасы біздің қожалықтың қызметкерлері. Бала-шағалары бар. Баспанасыз жүрген. Бүгін көппен бірге үйдің кілтін тапсырдық. Бұндай істер әлі де жалғасын табатын болмақ», - дейді үй сыйлаған азамат Олжас Жапарқұл.

Қазіргі сәтте шаруа қожалығында 126 қызметкер бар.

Аграрлық және мал шаруашылығымен айналысатын қожалық басшысы бұдан бөлек аудандағы көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға тұрақты қол ұшын беріп келеді.

Жалпы Панфилов ауданында 4058 тұрғын баспана кезегінде тұр.

Жыл соңына қарай Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Нұркент ауылында 120 отбасына баспана кілті тапсырылмақ.


Соңғы жаңалықтар