Алматы облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында алдағы күндері ауа-райы қолайсыздық тудыруы мүмкін деп, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидромет» РММ-нің мәліметіне сүйене отырып, облыстық ТЖД Алматы облысы аумағында қазан айының 18-19 күндері жауын-шашын мол көлемде түсетіндігін ескертеді.

Кей жерлерде көктайғақ болып, солтүстік батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, қуаты 23 м/с дауыл тұрады деп күтілуде.

Қазанның 19-нан 20-на қараған түні ауа температурасы 1-6, кей жерлерде -9 градусқа дейін төмендейді.

Соңғы жаңалықтар