Алматы облысында ауа-райына байланысты жабылған жолдар қайта ашылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында ауа-райының қолайсыздығына байланысты жабылған жолдар қайта ашылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«23 қаңтар күні, яғни бүгін Алматы облысының аумағындағы республикалық маңызы бар жолдар автокөліктің барлық түрлері үшін ашық екенін хабарлайды»,- делінген Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Естеріңізге сала кетейік, 22 қаңтар күні Қапшағай қаласынан Шығыс Қазақстан облысының шекарасына дейін республикалық жолдың жабылғанын хабарлаған болатынбыз. Қазір қозғалыс қайта қалпына келді, жол ашық.


Соңғы жаңалықтар