Алматы облысында ауа райына байланысты республикалық автомагистраль жабылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында ауа райына байланысты көліктің барлық түрі үшін республикалық автомагистраль жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ және «Қазақавтожол» ЖШС Алматы облыстық филиалының хабарлауынша, 10 ақпан күні сағат 20:30-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты (көктайғақ) «Алматы-Шелек-Қорғас» - «Арман кентінен Алтыкөл кентіне дейін» (25-320 км) республикалық маңызы бар жолда барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс шектелді», - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті. Өңірлік құтқарушылар азаматтардан осы бағытта жолға шықпауларын сұрайды.


Соңғы жаңалықтар