Алматы облысында ауа райына байланысты кейбір жол бағыттары жабылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты бірнеше бағыттағы жолдар жабылды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«2022 жылдың 15 ақпанда Алматы облысының «Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының» хабарлауынша, ауа райының нашарлауына байланысты (боран, нөлдік көріну) облыстық маңызы бар автожол учаскесінде сағат 09:00-ден бастап «Алматы-Өскемен – Қапал-Арасан» 0-45 шақырымында дейін барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс жабылды»,- делінген Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ Қапал ауылында 0-16 шақырым жол жабық.

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты таңғы сағат 04.00-ден бастап «Сарыөзек-Көктал-Қоғалы-Көксу-Қарабұлақ» 0-94 шақырымы жабылып, Аралтөбе, Онжас, Қаспан, Қарымсақ және Майтөбе ауылдарына автокөліктер кіре алмайды. Сондай-ақ, «Қазавтожол» ҰК АҚ Алматы облыстық филиалы мен «Қазақавтожол» ЖШС Алматы облыстық филиалының хабарламасы бойынша сағат 11:10 - нан бастап ауа райына және ШҚО автожолдарының жабылуына байланысты (боран, көрінуді шектеу) жол қозғалысы қауіпсіздігіне қатер төнуі, автокөліктің барлық түрлері үшін «Алматы-Өскемен» республикалық маңызы бар автожолында (Үшарал қаласы-ШҚО шекарасы, 558-615 шақырымдары) қозғалыс жабылды»,- деп толықтырды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағытта жол жүруден бас тартуды және 112 қызметінен келетін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.

«Ұзақ жолға шыққан кезде ауа – райын тексеріп, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алыңыз. Айта кетсек, дәнекерлеу шамы, арқан, дөңгелектерге арналған тізбектер, күректер, парафин шамдары, сондай-ақ жылы киім, қажетті құрал-жабдықтар, тамақ пен су. Егер сіз боран немесе қатты аяз кезінде жолда болсаңыз, егер сіздің көлігіңіз елді мекеннен алыс жерде немесе сізге таныс емес жерде тоқтап қалса, көлік ішінде қалып, жолда өтіп бара жатқан басқа көліктердің жүруін күтіп немесе ұялы телефон арқылы «101» және «112» телефон нөмерлері бойынша көмек шақырған дұрыс.

Ауа райына байланысты ескертулер мен өзге де шұғыл ақпарат алу үшін «Дәрмен» тегін мобильді қосымшасын жүктеуге болады.


Соңғы жаңалықтар