Алматы облысында ауа райына байланысты бірнеше жол жабылды

None
ҚОНАЕВ. ҚазАқпарат - «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы Алматы облысында тағы бірнеше жол бөлігі жабылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматы облысында ауа райының нашарлауына байланысты (жаңбыр, ауа температурасының төмендеуі, тұман) автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс төменде көрсетілген учаскелерде шектелді:

«Алматы-Өскемен» тасжолының Байсерке ауылынан Қонаев қаласына дейін;

«Алматы-Шелек-Қорғас» тасжолының Панфилово ауылынан Жаркент ауылына дейін;

«Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас» тасжолының Байсейіт ауылынан Көкпек ауылына дейін;

Жолшылар жабық учаскелердің жүріс бөлігін көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеу жұмыстарын жүргізуде», - деп жазды ведомстводан.

Соңғы жаңалықтар